1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. Green Month
Байланысу
Байланысу

«Жасыл аймақ айы-2022»: Toyota Алматыда 120 ағаш отырғызды

2022 жылдың мамыр айында «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС қызметкерлері мен Toyota және Lexus брендтерінің алматылық дилерлері №178 мектеп-лицейінің аумағына 120 ағаш отырғызды. Лицейдің орта сынып оқушылары компания қызметкерлеріне өз мектептерін көгалдандыру бойынша күш-жігер сала қосылды.

Toyota қызметкерлері мен лицей оқушылары бірлесіп 120 жапырақты және қылқан жапырақты ағаш отырғызды, оның ішінде: туй, катальпа (сән ағаш), скумпия  (жалқын) және акация (қараған) бар. Экологиялық клубтың мүшелері болып табылатын және қоршаған ортаны қорғау және жаһандық жылынуға қарсы күрес мәселелеріне белсенді қызығушылық танытатын оқушылардың өздері көшеттерге қамқорлық жасайды.

«Жасыл аймақ айы»  аясында ағаш отырғызу – «Тойота Мотор Қазақстан» мәдениетінің ажырамас бөлігі. Жыл сайын біз барлық табиғи факторларды ескере отырып, отырғызу үшін ағаштардың уақытын, орналасуын және түрін мұқият таңдаймыз. Биыл біз лицей оқушыларымен күш біріктіріп, қаламызды бірлесіп көркейтуге қуаныштымыз», - деді «Тойота Мотор Қазақстан» Президенті Джон Томсон мырза.

«Жасыл аймақ айы» акциясына дәстүрлі түрде Toyota-ның Қазақстан мен Бішкек аумақтарындағы ресми дилерлері қосылады. Өткен жылы «Жасыл аймақ айы» аясында Павлодар, Тараз, Шымкент және Бішкек қалаларында ағаш отырғызу сенбілігі өтті. Ал Алматыдағы, Нұрсұлтан  және Атырау дилерлік орталықтарындағы кітаптарға айырбастау үшін макулатура жинау науқанын жүргізді.

Бұған дейін «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясының қызметкерлері мен алматылық дилерлер Медеу, Алатау ауданындағы боз арша, Атакент аумағы мен Шығыс айналма жолының бойында үйеңкі ағаштарын отырғызған болатын.
* «Toyota жасыл аймақ айы» 1972 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Дүниежүзілік қоршаған орта күнін атап өту идеясымен Toyota Motor Corporation ынтымақтастығын білдірудің жаһандық акциясына айналды. 1973 жылдан бастап компания экологиялық құндылықтарды таратады және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған нақты іс-қимылдарды жүзеге асырады.