1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. Dream Car
Байланысу
Байланысу

Армандар Toyota-мен бірге ызғығанда: «Армандаған автокөлік-2021» конкурсының жеңімпаздары анықталды

«Тойота Мотор Қазақстан» «Армандаған автокөлік» тақырыбындағы балалар суретінің ұлттық конкурсының екінші кезеңінің қорытындысын шығарды.

Бұл халықаралық конкурс және оның тарихы ерте басталған. Ең алғаш рет бұл шығармашылық сайыс Toyota Dream Car Art деген атаумен 2004 жылы басталып, бірден балалар суретінің әлемдік ауқымдағы ең ірі конкурстарының бірі болды. Бұл конкурс өткізілген уақытында әлемнің 100-ден астам еліндегі миллиондаған дарынды балалар үшін шығармашылық алаңға айналды. Конкурс екі кезеңмен өткізіледі: алдымен ұлттық деңгейде, яғни қатысушы елдің аумағында, содан кейін жеңімпаздардың суреттері Жапонияға жіберіледі, ол жақта жаһандық деңгейдің соңғы кезеңі дәстүрлі түрде өтеді.

«Тойота Мотор Қазақстан» екінші жыл қатарынан «Армандаған автокөлік» конкурсын өткізіп отыр.

Конкурс ұйымдастырушыларының алдына қойылған міндеттер қарапайым әрі түсінікті: балаларға өз дарынын көрсетуге көмектесу және олардың шығармашылық мүмкіндіктерін ашу. Осылайша Toyota компаниясы қоғамды дамытуға бағытталған бастамаларды іске асырады.

Екінші ұлттық конкурсқа Қазақстан мен Қырғыз Республикасындағы 15 жасқа дейінгі әр бала қатыса алды. Бар керегі – өздерінің ең батыл армандарын қосып, болашақтың автокөлігі қандай болатынын суретке түсіріп көрсету. Маңыздысы: бас кейіпкер адамзат үшін қандай да бір пайдалы функциясы бар автокөлік болуы керек болған.

Қатысушыларды өздерінің шығармашылық ойларын барынша еркін жеткізу мүмкіндігі күтіп тұрды, олар көркем сурет құралдарын таңдау барысында шектелген жоқ, конкурсқа қолдан салынған «тірі» суреттер де, digital-еңбектер де қатыстырылды. Кез келген материалдарды: түрлі түсті қарындаштарды, фломастерлерді, борларды, бояуларды пайдалануға рұқсат етілді. Сонымен бірге аппликация мен коллаж техникасы да қатысуға жіберілді. Суреттер брендтің дилерлік орталықтарында 2021 жылдың 7 желтоқсанынан 2022 жылдың 11 ақпанына дейінгі аралықта қабылданды.

Осы жолы да, өткен жолғыдай, кәсіби қазылар алқасы атынан танымал қазақстандық суретші-экспрессионист Марат Бекеев, сондай-ақ оның әріптестері Аяулым Нұрбекова мен Айжұлдыз Адайбекова балалардың еңбектерінің конкурс міндетіне сәйкестігін, идеяларының бірегейлігін және орындалу сапасын бағалады.

Барлық суреттер жарқын әрі көркем болып шықты. Олардың көпшілігі мәлімделген тақырыпқа сай болып, өзіндік ерекшелігімен дараланды. Экологиялық дүниетаным, белсенді өмірлік ұстаным, отбасылық құндылықтарға адалдық және қиялдың шексіз қиыры – осының барлығын суретшілер өздерінің батыл еңбектерінде көрсетті, олар үш жас санаты бойынша бағаланды: 7 жасқа дейін, 8-11 жас, 12-15 жас.

Қазылар алқасының қарауына 196 еңбек жолданды. Олардың тоғызы конкурстың ұлттық кезеңінде жеңімпаз атанды.

7 жасқа дейінгі санат

Ең жас санатта бірінші орын 7 жасар Дамира Сакиеваға бұйырды. Дамира өз еңбегіне конкурстың атауындай «Армандаған автокөлік» деген ат қойып, суретін «Отбасыммен бірге армандаған машинамен өмір саяхатына бара жатырмыз» деп түсіндірді.

Конкурстың ең жас қатысушыларының арасында екінші орынды 6 жасар Асиля Рымбай иеленді, оның еңбегінің аты – «Жүретін ғажайып үй».

Жүлдегерлердің үшінші орнына Бийсенбаева Айнұр Жангелдіқызы табан тіреді. Айнұр 7 жаста, өз еңбегіне «Мен көліктерді жақсы көремін» деген ат берген.

8-11 жас санаты

Бірінші орынды бұл санатта 8 жасар Кәусар Жандосқызы Әшірбек иеленді, еңбегінің атауы – «Жүретін екі қабатты сиқырлы үй».

Қазылар алқасы екінші орынды 10 жасар суретші Азерболот Жанельге берді. Жанель өз еңбегін былай деп сипаттаған: «Менің машинам қоқыс жинауға, қаланы тазартуға арналған».

Үшінші орын Амина Иматжановаға «2022 жылғы стильді заманауи машина» деген суреті үшін тиесілі болды.

12-15 жас санаты
Ең «ересек» санаттағы бірінші орынды 12 жасар Ева Мелехина Wondercar еңбегі үшін иеленді. «Бұл көзі көрмейтін адамдарға арналған ғажап машина, көз арқылы ол адамдарға әлемді бояуымен көрсетеді. Машинаның үстіндегі өсімдіктер оған отын ретінде қызмет етеді».

Екінші орынды Аманжол Әсел «Жаңа «Тойота бэдс» атты еңбегі үшін иеленді. «Болашақта осы автокөліктерді көргім келеді», – деп Әсел өз еңбегін сипаттап берді.

Үшінші орынды 14 жасар Айсана Омарова «Болашақ өз қолымызда» деген еңбегімен иеленді. «Менің армандаған автокөлігім ауылшаруашылығына көмектеседі. Бұл жерде ол арнайы құбырларының көмегімен күріш алқаптарында күріш жинап жүр. Одан кейін автокөлік бүкіл жиналған күрішті қалаға жібереді. Салмақсыздықтың арқасында машина әуеде еркін ұшып жүре алады. Ал оның дизайны қоршаған әлемнің пейзажымен үйлесіп тұр».

Ұлттық конкурстың алтын, күміс және қола жүлдегерлердің еңбектері үшін бағалы сыйлықтар беріліп, одан кейін сайыстың екінші кезеңіне қатысу үшін олар Жапонияға жөнелтіледі, ол жақта дүниежүзілік конкурста жеңімпаз атағы үшін сайысқа түсетін болады.