1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. Contest
Байланысу
Байланысу

Toyota жыл сайынғы Кәсіби шеберлік-2022 байқауын өткізді

27 және 28 сәуірде Алматыда Toyota және Lexus дилерлік орталықтарының қызметкерлері - өз ісінің майталмандары арасында конкурс өтті. Қазақстан мен Бішкектің барлық өңірлерінен сервистік бөлімнің, клиенттік қызметтің мамандары, сатушы-кеңесшілер мен автомеханиктер өз дағдыларын көрсету, барлық сынақтардан лайықты өту және чемпион атағын алу үшін Toyota оқу орталығының аумағына жиналды.

Байқауға Қазақстан мен Қырғызстанның барлық дилерлік орталықтарынан 24 кәсіпқой маман қатысты. Әр қатысушы 6 конкурстық тапсырманы орындауы керек еді. Кеңесші-сатушылар алғашқы кездесуден бастап риза болған клиентке бергенге дейін автомобильді таныстырды; автомеханиктер көлік құралының толық диагностикасын жүргізді, электрондық жүйелерді баптады, механизмдерді жөндеді; сервистік кеңесшілер мен клиенттік қызметтің қызметкерлері де түрлі сынақтардан өтті.

Әр тапсырманың шарттары нақты жағдайға мүмкіндігінше жақын болды. Барлық конкурстық тапсырмалар қатаң уақыт шеңберінде орындалды, ал төрешілер алқасы Toyota және Lexus брендтерінің ең жоғары стандарттарының сақталуын мұқият қадағалады.

Әр категорияда үш жеңімпаз таңдалды. 12 үздік шебер Жеңіс подиумына шығып, чемпион кубоктарына ие болды.

«Клиенттік қызмет қызметкерлері» аталымы:

1  орын— Анара Саугабекова, «Астана Тойота Орталығы».

2  орын— Гульфия Кадермятова, «Бішкек Тойота Орталығы».

3 орын— Индира Пернебаева, «Қызылорда Тойота Орталығы».

«Кеңесші-сатушылар» аталымы:

1 орын — Юрий Самохвалов, «Бішкек Лексус».

2 орын— Рустам Рамазанов, «Қостанай Тойота Орталығы».

3 орын— Самат Кабденов, «Астана Лексус».

 «Автомеханиктер» аталымы:

1 орын — Ислам Бейшенбеков, «Бішкек Тойота Орталығы».

2 орын — Иван Сипаков, «Алматы Тойота Орталығы».

3 орын — Закиржан Ажиев, «Алматы Тойота Сити».

 «Сервистік кеңісшілер»:

1 орын — Александр Смирнов, «Қостанай Тойота Орталығы».

2 орын — Руслан Усманов, «Бішкек Тойота Орталығы».

3 орын — Эльмира Ахматуллина, «Астана Лексус».