1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. Taraz

Жаңа мәрелер: Таразда Toyota компаниясының алғашқы сервистік орталығы ашылды

2021 жылғы 1 шілдеде Тараз қаласында брендтің барлық стандарттарына сәйкес келетін Toyota компаниясының алғашқы сервистік орталығы есігін ашты.
2S + (Service және Spare Parts) концептінің негізінде жұмыс істейтін жаңа сервистік орталықтың жалпы ауданы 1640 м² құрайды.

«Тойота Сервис Тараз» қонақтарының алдында бірден көзге түсетіні – 800 м² аумағында орналасқан көрме аймағы. Кең шоурум Toyota брендінің жаңа автокөліктерін, жүрілген автокөліктерді, сондай-ақ өндірушінің ресми кепілдігі бар түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарды сату бөлімдерін қамтиды. Бұл жерде клиент автокөлікті таңдағанда кез келген Toyota моделінің барлық артықшылықтарын лайықты бағалай алуы үшін барлық жағдай жасалған.

Енді жаңа Toyota автокөліктерін сатып алу Тараз тұрғындары үшін оңай әрі ыңғайлы болмақ. Өйткені «Тойота Сервис Тараз» орталығы «Тойота Центр Шымкент» дилерлік орталығының серіктес сату бөлімі болып табылады. Toyota брендінің автокөліктерін сатып алғысы келетін тараздықтар «Тойота Сервис Тараз» орталығында кез келген модельге тапсырыс бере алады. Сервистік орталықтың сату бойынша менеджері тапсырысты Шымкенттегі уәкілетті дилерлік орталықта ресімдеп, автокөлікті қысқа мерзім ішінде Таразға жеткізеді.

«Тойота Сервис Тараз» орталығының 800 м² асатын алаңы автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеуге арналған сервистік аймаққа ұсынылды, ол соңғы буын құралдарымен жабдықталған және қуаты шамамен 2000 сағатты құрайды, бұл айына 1000 автокөлікке қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Сервистік аймақтың жанында қосалқы бөлшектердің кең қоймасы орналасқан, оның бастапқы қорының құны 10 миллион теңгеден асады.

Оған қоса сервистік орталықта екі автокөлік жуу орны мен химиялық тазалау жүргізілетін орын бар. Орталық клиенттеріне 30 автокөлікке арналған кең тұрақ орны мен ыңғайлы кірме жолдар қарастырылған.

Сонымен қатар «Тойота Сервис Тараз» орталығында Trade-in және Toyota Tested бағдарламаларын, сондай-ақ Rent a Toyota жалға беру бағдарламасын пайдалануға болады, соңғысы бренд автокөліктерінің ұзартылған тест-драйвының ерекше мүмкіндігін бере тұра, жоспардан тыс жөндеу қажет болған кезде көлікті ауыстырудан бастап маңызды сапарлар үшін көлікті ұйымдастыруға дейінгі күтпеген жағдайларда таптырмас көмекші болып табылады.

Таразда сервис орталығының ашылуымен марканы бағалаушылар кепілді, толыққанды сервиске, автокөлік сатып алудың өркениетті жағдайларына және жаңа модельді таңдау үшін кең мүмкіндіктерге ие болды, өйткені сервистік орталықтың тұжырымдамасы «Клиент бірінші орында» корпоративтік принципіне толық сәйкес келеді. Осы принципті іске асыру үшін мыналар қызмет етеді:

• білікті және сертификатталған қызметкерлер;
• кәсіби жабдық;
• автокөлікке қызмет көрсететін және оны жөндеген кезде кешенді қызметтер көрсету;
• баға белгілеудің ашықтығы:
• несиелік қолдау, сақтандыру;
• тұрақты клиенттерге арналған жеңілдік бағдарламасы;
• сервистік келісімшарттар (алдын ала төленген ТҚК) иелеріне жеке менеджерді бекіту;
• техникалық қолдау және эвакуациялау қызметі;
• сервисте қызмет көрсету уақытына ауыстырылатын автокөлік немесе тегін такси;
• кең және жайлы күту аймағы;
• детейлинг орталығының қызметтері;
• Rent a Toyota автокөліктерді жалға беру бағдарламасы;
• кепілдіктен кейінгі автокөліктерге арналған арнайы ұсыныстар, маусымдық акциялар мен науқандар;
• қызметтер күн сайын, демалыссыз және мереке күндерінсіз қолжетімді;
• тиімді орналасуы («Тараз-Арена» спорт кешенінің жанында).

Тараздағы сервистік орталықтың ашылуы – бұл Toyota компаниясының Қазақстандағы географиясын кеңейтетін тағы бір қадам бола тұра, жақын және ұзақ мерзімді келешекке арналған негізгі үрдістерді белгілейтін және бренд пен клиенттердің бір-біріне жақын болуына мүмкіндік беретін оңтүстік өңірдің автокөлік нарығының дамуындағы ерекше кезең.