1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. Green Month
Байланысу
Байланысу

«Toyota жасыл айы»: «Тойота Мотор Қазақстан» қызметкерлері Алматыда 40 ағаш отырғызды

«Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы Алматыдағы Toyota және Lexus дилерлерімен және бренд серіктестерімен бірге Алматы қаласының Алатау ауданында 40 ағаш отырғызды.

Компания қызметкерлері отырғызған туя ағаштары Момышұлы-Рысқұлов қиылысы көшесіндегі перспективті ауданды көгалдандырды. Ағаштар жақын уақытта тұрғындар пайдалана алатын болашақ саябақ пен спорт алаңы аймағының көркін келтірді.

Акция ауқымы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің санитарлық-эпидемиологиялық реттеулеріне сәйкес болды, қатысушылар саны 40 адамнан асқан жоқ. Алайда қатысқан барлық қызметкер тапсырмаға үлкен жауапкершілікпен қарады. Үш сағат күш салудың арқасында аллея мәңгі жасыл туя ағашынан құралған жасыл аймаққа айналды.  
«Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы жыл сайын түрлі экологиялық акцияларға арналған «Жасыл ай» жаһандық бастамасына қатысады. «Toyota жасыл айы» 1972 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Дүниежүзілік қоршаған орта күнін мерекелеу идеясына Toyota Motor Corporation корпорациясының ынтымақтастық білдіруінің жаһандық акциясы болды. 1973 жылдан бастап компания экологиялық құндылықтар туралы хабар таратып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған нақты іс-қимылдарды жүзеге асырып келеді.
Алдыңғы жылдары компания қызметкерлері мен алматылық дилерлер Медеу аймағында Тянь-Шань шыршаларын, Halyk Arena спорт кешенінің аумағында қайыңдар, Атакент аумағы мен Шығыс айналма жолы бойына үйеңкі ағаштарын отырғызған болатын.