Жаңаөзенде Батыс Қазақстанның шағын қалаларында тұратын клиенттер брендтің барлық халықаралық стандартқа сай қызметін алуы үшін облыс орталығынан тыс алғашқы Toyota сервис орталығы есігін айқара ашты. Басты ұстаным — клиент бірінші орында.
Жаңа автоорталықтың жалпы ауданы — 890 м². Оның ішінде 350 шаршы метрін шоурум алып жатыр, ал 432 шаршы метрінде төрт посты бар сервис аймағы орналасқан. Автожуу ауданы — 111 м². Жаңаөзен Тойота Сервисі 2S (Service & Spare Parts) концепті базасында жұмыс істейді, бұл қызмет көрсетуді, сондай-ақ қосалқы бөлшектер мен аксессуарларды өндірушінің ресми кепілдігімен сатуды білдіреді.
«Тойота Мотор Қазақстан» әрдайым елдің географиялық ерекшелігіне мән береді — елді мекендер арасындағы қашықтық пен халықтың орналасу тығыздығы. Әдетте шалғайдағы қалада тұратын автокөлік иелері басқа қалаға баруға немесе жақын маңдағы ТЖО-да қызмет алуға мәжбүр. Олар брендтің ресми өкілдерінен сервис алуда шектеліп отыр.
Ал енді Жаңаөзен мен қалаға жақын жатқан елді мекен тұрғындары сервис ала алады. Мамандар жұмысын Toyota талаптарына сай стандартталған құрал-жабдықты қолдана отырып және кепілдік бере отырып жұмыс істейді. Жаңаөзен Тойота Сервисі — Ақтау Тойота орталығы дилерінің бірінші автоном сервис орталығы. Мұнда сервис қана алып қоймай, сонымен қатар жаңа автокөлікке тапсырыс беріп, Trade-In және Toyota Tested бағдарламаларын қолдана алады.
«Тойота Мотор Қазақстан» президенті Кит Мэтью Симмонс компания елде клиенттердің жағдайы үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын атап өтті. Түрлі қаладағы сервис орталықтарының желісі Toyota автокөлік иелерін жоғары деңгейлі қызметпен қамтуға мүмкіндік береді.
Orbis Auto автокөліктер тобының бас директоры Динара Ысқақова жаңа СО ашылуы өңірдегі көлік инфрақұрылымының дамуында маңызы зор деп есептейді:
«Қазақстан өңірлерінде, әсіресе өнеркәсібі мен өндіріс саласы дамыған өңірлерде сапалы әрі сенімді автосервиске аса қажеттілік бар. Қазірдің өзінде батыс облыстарында Toyota-ның бірнеше ресми дилер орталығы бар. Жаңаөзен де сервиске сұранысы жоғары ең маңызды локациялардың бірі саналады...», — дейді Динара.
Былтыр Қызылордада, Теңізде және Ақсайда сервис орталықтары ашылған еді. Бренд географиясы кеңейіп келеді — Жаңаөзен Тойота Сервисі ҚР-дағы Toyota ресми дистрибьюторы үшін 2S форматындағы төртінші қазақстандық орталық және Orbis Auto тобы үшін бірінші болды.