1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. Paraolimpic
Байланысу

Toyota ҚР Ұлттық Паралимпиада Комитетіне алты микроавтобус сыйлады

Toyota Hiace микроавтобустарын беру рәсімі 2020 жылғы 10 ақпанда өтті — олардың бәрі паралимпиада спортшыларының қажеттіліктерін ескере отырып қайта жабдықталған. Іс-шара Нұр-Сұлтанда орналасқан Паралимпиадалық жаттығу орталығының қабырғасында өтті.

Автокөліктер ұйымдастыру қызметі және спортшыларды тасымалдау үшін елордада ғана емес, Комитеттің Алматы филиалында да пайдаланылады. Toyota компаниясымен ынтымақтастықтың осы кезеңі туралы ХПК бас хатшысы Ерлан Сүлейменов былай пікір білдірді:

"Бұрын-соңды ірі серіктестер Ұлттық Паралимпиадалық Комитеттерге мұндай қолдау көрсеткен емес. Бірақ Toyota қазірдің өзінде өз әлеуетін іске асыру үшін кедергілерсіз ұтқырлық жалпыға ортақ болатын болашақты құру үшін маңызды қадамдар жасап жатыр. Паралимпиада ойындарының басталуына жеті ай қалды…
Арнайы жабдықталған автомобильдердің арқасында логистика және оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру тиімді әрі ыңғайлы болады. Бұл ерекше қажеттіліктері бар адамдарға спортты дамытуына жауапты және маңызды үлес қосу…»

«Тойота Мотор Қазақстан» президенті Кит Мэтью Симмонс:
"Toyota құндылықтары — үнемі жетіліп, адамдарға құрметпен қарау. Бұл құндылықтар бүкіл әлемді достық пен ынтымақтастық атмосферасында біріктіретін, адами мүмкіндіктердің жеңісіне жету үшін Олимпиада және Паралимпиада ойындарының қағидаттарынан көрінеді. Паралимпиадалық спортшылар өмірлік кедергілерді жеңіп, керемет нәтижелерге қол жеткізе алады. Біз олардың әрқайсын мақтан тұтамыз және жылдан жылға мүмкін емес ештеңе жоқ екенін дәлелдейтін паралимпиадалық атлеттерді қолдауға өте қуаныштымыз…»

Еске салайық — 2017 жылдың қазанында Ұлттық Паралимпиада Комитеті мен «Тойота Мотор Қазақстан» серіктестік туралы келісімге қол қойған. Компания Комитеттің автопаркін жаңартуды, біздің ұлттық құраманы Токиода өтетін 2020 Паралимпиадасында, сондай-ақ 2024 жылға дейін халықаралық деңгейдегі басқа да спорттық жарыстарда қолдау көрсетуді өз мойнына алды.

Сол жылы Toyota Қазақстанда қазақстандық паралимпиадашылардың қатысуымен Start Your Impossible жаһандық науқанын бастаған. Бұл бастама әр адам мүмкін емес нәрсеге қарсы тұра алатын ашық, күшті және салауатты тең құқықты қоғам құруға ықпал етеді.