1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. Social experiment
Байланысу

Алматыда «Бұл күте тұрады» әлеуметтік эксперименті өтті

Алматы қаласы әкімдігі мен «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы автокөлік тізгінінде ұялы телефон пайдалану қаупіне арналған «Бұл күте тұрады» атты шара өткізді. Алматы қалалық Әкімшілік Полиция басқармасы жергілікті рейд шараларын өткізу қорытындысы бойынша автокөлік иелерінің үш күн ішінде бұзатын ТОП-5 жол қозғалысы ережесін анықтады.

Осылайша, ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл кезеңде маневр жасау ережелерін бұзудың 401 дерегі тіркелген, оның ішінде 222 оқиға автокөлік тізгінінде ұялы телефон пайдалануға қатысты. Қалалық автодромда қоғамдық пікір лидерлері арасында тест-драйв өтті, олар автокөлікті тізгіндей отырып, жол кедергілерінен өту кезінде телефонды пайдаланып көрді.

Алматы қалалық Мобильділік басқармасы жетекшісінің орынбасары Ернұр Әбжахан:

«Біз бірнеше күн ішінде анықтаған ережебұзушылық көрсеткіштері көлік құралын тізгіндеу кезінде телефонды пайдалану проблемасы аса маңызды және оған тиісті түрде мән берілмей отырғанын көрсетеді. Менің ойымша, бұл қаншалықты өзекті және қауіпті екенін көрсету өте маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Алматы алғашқылардың бірі болып Vision Zero Almaty – қала жолдарындағы нөлдік өлім-жітім жоспарын әзірледі. Біз 1997 жылы Швецияда пайда болған Vision Zero халықаралық жол қауіпсіздігі тұжырымдамасына қосылып, 2019 жылдан бастап оны іске асыруға кірістік.

Жоспарды жүзеге асыру үшін әлемдік тәжірибені пайдалануға және серіктес ретінде халықаралық компанияларды тартуға ниеттіміз. Біз Toyota сияқты жаһандық компания осы бастаманы қолдағанына, оны маңызды деп санағанына және оны іске асыруға қосылатынына қуаныштымыз...»

«Тойота Мотор Қазақстан» президенті Кит Мэтью Симмонс:

«Компаниямыз жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мәселесіне әрдайым белсенді қатысып келеді. Қазіргі уақытта біз серіктестерімізбен, дилерлермен бірлесе отырып, бастауыш сынып оқушыларына жол қозғалысы ережелерін оқыту бойынша Toyota Kids' Road Safety («Балалардың жолдағы қауіпсіздігі») ірі әлеуметтік жобасын қолға алып, кішкентай жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне баса назар аудардық. Бұл жобаның ерекшелігі – біз әзірлеген «Супержаяу жүргіншілердің оқиғалары» атты арнайы үстел ойыны болды, балалар ережелерді ойын арқылы оп-оңай меңгеріп алды.

Бүгін біз жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған тағы бір жобаның қатысушысы болдық. «Бұл күте тұрады» әлеуметтік экспериментін іске асырудың серіктесі болғанымызға қуаныштымыз. Автокөлік компаниясы бола отырып, біз барлық автокөлік иесін өзінің және басқалардың өміріне жауапкершілікті естен шығармауға және тізгінде ұялы құрылғыларды пайдаланбауға шақырамыз. Әрқашан есте сақтаңыз – Бұл күте тұрады!»

• 2019 жылдың наурызында таныстырылған Vision Zero Almaty тұжырымдамасы 6 тараудан тұрады:
1) Көше мен жол жағдайының дизайны;
2) Жаяу жүргіншілерді қорғау;
3) Көлік жүйесін зияткерлік басқару;
4) Халықаралық тәжірибе енгізу;
5) Қоғамдық көлік;
6) Ұйымдастыру шаралары.