Toyota жаңа Toyota Land Cruiser Prado-ның драйв сынағын Алма-Арасанда өткізді.
Аса қуатты жол талғамайтын көлікті Алматының қай жерінде сынақтан өткізуге болады? Әрине, Іле Алатауында!
Құрамында кофеханалар желісінің басшысы Әлішер Елікбаев, кәсіпкер Санжар Алтаев, актер Әнуар Нұрпейісов пен актриса Бибігүл Ақтан, Barmaglot bar басқарушысы Андрей Кулагин және БАҚ өкілдері бар танымал тұлғалар Алма-Арасан шатқалындағы off-road тас жолында жаңа Toyota Land Cruiser Prado 2017 автокөлігін сынады. Драйв сынағына қатысушылар құлама беткейлер мен жыраларды білікті off-road инструкторларының жетекшілігімен еңсерсе де, адреналин деңгейінің шегінен асқанын мойындады. Алайда қорқатын ештеңе де жоқ еді – қауіпсіздік жүйесі күтпеген жағдайлардың барлығынан да сәтті өтті. Әсерлі сапардан кейін қатысушыларды алау, жылы плед пен глинтвейн күтіп тұрды.
Жаңа Toyota Land Cruiser Prado драйв сынағына қатысушыларға тек позитивті эмоция сыйлады. Автокөлік өзінің анағұрлым мәнерлі сырт келбетімен, көбірек ойластырылған және ыңғайлы салонымен тамаша әсер қалдырды. Оған қоса, автокөлік қарқындырақ және жайлырақ бола түсті. Land Cruiser Prado-ның керемет жол талғамайтын қасиетінің қайнар көзі Body-on-frame технологиясының негізінде жасалған деформацияға төзімді, мықты құрылым болды. Ол тек зақымданудан ғана қорғап қоймай, шанақтың бұралуға қаттылығын арттырады, бұл жүргізушінің барынша ...........
Land Cruiser-дің керемет өтімділігінің құпиясы оның жолдағы кедір-бұдырды сіңіріп, сапардың аса жайлы болуын қамтамасыз ететін бірегей кинетикалық қарқынды аспа (KDSS) жүйесінде жатыр. ... Жол талғамайтын көлік құлама беткейлерде өзін тамаша әрі сенімді ұстайды. ... Түсу барысындағы көмек жүйесі (DAC) ....... автокөліктің тұрақтылығын ұолдай отырып, қажетті тежелу күшін қолданады.
Crawl Control көмек беру жүйесі өз кезегінде, кедір-бұдырлы және тайғақ тастар сынды еңсерілуі қиын жерлермен қозғалу барысында тұрақты төменгі жылдамдықты ұстап, жүргізушінің тек рөлді басқаруына мүмкіндік береді. Дәл сол сәтте айнала шолу камералары жүргізуші айналасындағы жағдайдан хабардар болу үшін автокөліктің айналасындағы жағдайды және автокөліктің дөңгелектер базасы мен алдыңғы дөңгелектер шолуын дисплейге шығарады.
Өз бойына навигациялық және мультимедиалық жүйелерді біріктіретін Toyota Touch 2 жүйесінің арқасында, жаңа Land Cruiser Prado жеңіл басқарылады және өте түсінікті және қолдануға ыңғайлы 8 дюймдік дисплеймен жабдықталған. Бұл сипаттамалардың барлығы Алма-Арасандағы драйв сынағын әсерлі әрі жайлы және қауіпсіз сапарға айналдырды.