Ресейлік өндірістен шыққан RAV4 Санкт-Петербургтегі зауыттың конвейерінен Toyota-ның әлемдік жоғары сапа стандарттарына сай шығарылады. Бизнес-класс седандарының арасында бірнеше рет ең үздік деп танылған және сарапшылар тарапынан да, клиенттер тарапынан да жоғары бағаланған Toyota Camry автокөліктері Санкт-Петербургтегі зауытта шығарылатын өнімдердің сапасы мен сенімділігінің үздік көрсеткіші болып табылады. Ресейде шығарылған RAV4 жиынтық түрлерінде заманауи үрдістің барлық талаптарына жауап беретін опцияларға ие болды.
Шағын кроссоверлер сегментінде үздік үлгі әрі Toyota брендінің Қазақстанда үлкен сұранысқа ие болған кроссоверлерінің бірі болып табылатын инновациялық қалалық Toyota RAV4 кроссовері Санкт-Петербургтегі кәсіпорында өндірілетін екінші үлгі атанды, ол осы зауытта 2007 жылдан бері шығарылып, 2011 жылдан бері Қазақстан нарығына жеткізіліп жатқан Toyota Camry үлгісімен қатар жеткізілуде. Санкт-Петербург зауытындағы өндірістік желіде екінші үлгінің іске қосылуына деген дайындық соңғы үш жылда мұқият жүргізілді, соның аясында мекеме қызметкерлері 450 рет Жапонияға оқуға барды. Сонымен қатар, RAV4 үлгісінің өндірісінің басталуына дайындық барысында зауыттың өндірістік қуаты 50 000-нан 100 000-ға дейін екі есе арттырылды.