Сөз не туралы болып отыр? . Іске тартылған автокөліктер төбесінің сол және оң жағында орналасқан шымылдықты типтегі қауіпсіздік жастықтарымен жабдықталған. Шымылдықты типтегі қауіпсіздік жастықтарының әрқайсысы бірінде сығымдалған газ, екіншісінде пропеллент бар "гибридті" типтегі газ-генераторды пайдаланады. Бұл камералар бір-біріне дәнекерленген. Кейбір газ-генераторлардың дәнекерленген тігісінің тұсында микросызат болуы мүмкін деген күдік бар.
Бұл жағдай автокөлік белгілі бір уақыт аралығында пайдаланылмай, тек тұрақта тұрған кезде байқалған. Егер газ-генератор ажырап кететін болса, онда сығымдалған газ сыртқа шығады да, бұл шымылдықты типтегі қауіпсіздік жастығының үрленуіне әкеп соғады және белгілі бір жағдайларда газ-генератордың бір немесе екі бөлігі салонға кіріп кетуі мүмкін. Егер сол сәтте салонда жолаушы болса, оның жарақат алу қаупі артады. Сізге не істеу керек?