1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. Special service campaign for Toyota Auris, Corolla and Prius
Байланысу

TOYOTA AURIS, COROLLA ЖӘНЕ PRІUS АВТОКӨЛІКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АРНАЙЫ СЕРВИСТІК КАМПАНИЯ

Toyota компаниясы 2006 мен 2014 жылдар аралығында шығарылған кейбір Toyota AURIS (үлгінің коды NRE150, ZRE151), Toyota COROLLA (үлгінің коды NRE150, ZRE151, ZZE150), Toyota PRIUS (үлгінің коды ZVW30) автокөліктеріндегі отын алғышты ауыстыру мақсатында Арнайы Сервистік Кампанияны қолға алды.

Сөз не туралы болып отыр? .. Іске тартылған автокөліктер отын багына орнатылған жанармай буларын тұту жүйесімен (адсорбермен) жабдықталған. Адсорберде сызат пайда болуы мүмкін. Егер уақыт өте келе сызат кеңейе беретін болса, бұл бакта газ толып тұрғанда отынның ағып кетуіне себеп болуы мүмкін. Соның салдарынан отын немесе отынның булары тұтану көздері болған жағдайда автокөліктің жанып кету қаупі артуы мүмкін. Сізге не істеу керек? .. Өтінеміз, сервиске баруды жоспарлап, Toyota-ның кез келген ресми дилерімен келісіңіз. Toyota дилері Сізге ыңғайлы кез келген уақытта тексеріс жүргізіп, қажет болған жағдайда отын алғышты ТЕГІН ауыстырып береді. Бұл шамамен 2-ден 3 сағатқа дейінгі уақытты алады.