1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. Keith Simmons is the new president of Toyota Motor Kazakhstan
Байланысу

КИТ СИММОНС — «ТОЙОТА МОТОР ҚАЗАҚСТАН» ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТІ

Компанияның қазақстандық бөлімшесінің президенті Эцуо Хасино Toyota Motor Corporation-да жаңа лауазымға ие болуына байланысты Жапонияға оралады. Оның орнына көп жыл тәжірибесі бар жетекші Кит Мэтью Симмонс келеді. Ол 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметіне кіріседі.

Көрегендік пен жапон әдістемелік тәсілі — қазіргі президенттің үлесін айтпай өтуге болмас. Елдің автокөлік нарығы өткерген күрделі кезеңде Эцуо Хасино «Тойота Мотор Қазақстан» басшылығында бизнестің тұрақты өсуін қамтамасыз ететін жобаларға бастамашы болды.
Жаңа даму стратегиясын әзірлеу, тиімді шарттары бар сақтандыру бағдарламаларын іске қосу, Toyota және Lexus дилер орталықтарында Тойота Сервис Менеджмент (ТСМ) бағдарламасын іске асыру, үш жаңа Toyota ДО ашу, клиенттердің үдесінен шығуға бағытталған қадамдар — мұнда бірнеше ғана жоба аталып отыр. Нәтижесінде Toyota және Lexus брендтері 2016 жылы қазақстандық нарықта бірінші орынға ие болып, қайтадан көшбасшы болды.
Кит Мэтью Симмонс Toyota Motor Europe компаниясына 1998 жылы келген. Осы жылдар ішінде ол түрлі лауазымда қызмет атқарды, сатылымнан кейінгі қызметтерді дамытты, Ұлыбритания, Германия, Аустрия, Израиль, Түркия және Скандинавия аймағында жұмыс істеді. Менеджмент, маркетинг, ақпараттық технологиялар — жаңа басшының мол тәжірибесі тәнті етеді. Ол Toyota Motor Corporation-да (Жапония) бас менеджер қызметінде халықаралық сатудан кейінгі қызмет көрсетуді дамыту бойынша орта мерзімді стратегияны үйлестірумен айналысты.
Кит Симмонс Ресейде жұмыс істеп, дилер желісін дамытумен айналысқан. Бүгінде ол Toyota Motor Europe бельгиялық бөлімшесін басқарады және жаңа қызметке кірісуге дайындалып жатыр.