1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. It simply came to our notice then
Байланысу

ЖАҚСЫ ЖАҚҚА БЕТБҰРЫС

Алматы, Қазақстан Республикасы. 2016 жылдың 29 ақпаны. Бүгін Rixos қонақ үйінде "Тойота Мотор Қазақстанның" баспасөз конференциясы өтті, оған себеп болған "Жақсы жаққа бетбұрыс" тақырыбы.

Баспасөз конференциясының аясында "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясының президенті Эцуо Хасино, маркетинг департаментінің бас менеджері Марсио Девиане, сонымен қатар сатылымнан кейінгі қызмет көрсету департаментінің бас менеджері Виталий Венчаков 2015 жылға қорытынды жасап, Toyota және Lexus брендтерін дамытуға арналған стратегиямен таныстырды. Өткен жылы, ресейлік рубль бағамының күрт құнын жоғалтуына байланысты Қазақстандағы автокөлік нарығының жағдайы біршама нашарлады. Туындаған жағдайда автокөліктердің долларға шаққандағы ресейлік бағасы күрт төмендеді де, соған байланысты Қазақстанға заңсыз импорттау үрдісі қарқын алды.

"Өкінішке орай, біз нарықтағы мұндай өзгеріске дайын болмадық, қиын кезеңде бізге клиенттеріміз үшін бағаны соған сай өзгертуге тура келді, бірақ бұл қысқа мерзімді және мәжбүрлі шаралар еді. Сол уақытта біз өндірушімен келіссөздер өткізіп, қазақстандық нарық үшін бәсекелестікке қабілетті бағалар қою жөнінде келіссөздер жүргіздік. Бұл стратегиялық қадам біздің Қазақстандағы клиенттерімізге Ресеймен салыстырғанда анағұрлым тиімді сатып алу шарттарын ұсыну үшін қажет болды. Нәтижесінде біздің өр мақсатымыз іске асып, өндірушімен ұзақ жүргізілген келіссөздер барысындаToyota және Lexus брендтерінің автокөліктеріне, түпнұсқалық қосалқы бөлшектері мен аксессуарларына Қазақстан нарығы үшін Ресеймен салыстырғанда бәсекеге қабілетті бағаларды қою мүмкін болды", – деп хабарлады Марсио Девиане