1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. Green moon Toyota
Байланысу

"ЖАСЫЛ АЙ TOYOTA 2016" – СӘТТІ ӨТКЕН НАУҚАН ТУРАЛЫ ЕСЕП

Жасыл Ай Toyota – Toyota-ның Дүниежүзілік қоршаған орта күнін мерекелеу идеясына тілектестігін білдіретін жыл сайынғы жаһандық науқан. "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-і Toyota мен Lexus-тің ресми дилерлерімен және серіктестерімен бірге "іс жүзіндегі әрекеттің бір ғана қадамы жүздеген бағдарламадан қымбатырақ!" идеясын жүзеге асырады.

Жасыл Ай Toyota Toyota-ның 1972 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Дүниежүзілік қоршаған орта күнін (5 маусым) мерекелеу идеясына тілектестігін білдіретін жыл сайынғы жаһандық науқан. 1973 жылдан бастап "Жасыл ай Toyota" кампаниясының барысында Toyota бүкіл әлем бойынша мақсатты түрде жас буынды қоса алғанда, жалпы қоғамның экология саласынан хабардар болуын арттырумен, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау мен оның жағдайын жақсартуға бағытталған нақты әрекеттер жасаумен айналысады.

Toyota-ның жаһандық экологиялық идеяларын, мақсаттарын және міндеттерін қолдай отырып, "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-і ("ТМКЗ") осы жылы тағы да ерекше ықыласпен Toyota-ның жаһандық эко қозғалысына қосылды, осылайша компания өзінің уәкілетті Toyota және Lexus дилерлерімен бірге Қазақстанда алтыншы мәрте Toyota-ның 2016 жылғы біртұтас тақырыбының аясында іске асырылған Жасыл ай Toyotа кампаниясын өткізді. Toyota 2050 Экологиялық шақыруы.. Табиғатпен үйлесімде болу – өзіңмен үйлесімде болу! деген пайымдау ТМКЗ компаниясының ұранына айналды. ..

Жасыл ай тақырыбының жарқын көрінісі ТМКЗ компаниясы алғаш рет өткізген "Іс жүзіндегі әрекеттің бір ғана қадамы жүздеген бағдарламадан қымбатырақ!" идеясын кең таратуға бағытталған Алматы маңындағы Медеу шатқалында ағаш отырғызу науқаны болды. Бірде аптап ыстық болып, бірде жауын шелектеп құйған Алматы ауа райының тосын мінез танытып, шараны өткізуге кедергі келтіргеніне қарамастан, ТМКЗ алматыдағы Жетісу Тойота Орталығы, Тойота Лексус Алматы, Алматы Тойота Орталығы, Тойота Сити дилерлік орталықтары мен еріктілірдің және сол күнгі шара кезінде кездейсоқ сол жерде болған Медеу қонақтарының, сонымен қатарТМКЗ серіктестері Toyota Financial Services Kazakhstan және Global Development компанияларының өкілдерімен бірге, "Медеу" СК басшылығының қолдауымен .... отырғызды.