Ашылу салтанатына «Тойота Мотор Қазақстан» президенті Эцуо Хасино, Toyota Motor Europe сату және маркетинг жөніндегі вице-президенті Мэттью Харрисон және Астана Тойота Сити құрылтайшысы Сухраб Махмудов қатысты. 3S концептінің базалық құрылымын қарастырайық:
• Showroom — өз автосалоны болуы;
• Service Shop — заманауи сервистік станция болуы;
• Spare Parts Shop — қосалқы бөлшектер қоймасы болуы.
ДО аумағы — 10000 м², 6500 м² аумақта дилер орталығының ғимараты орналасқан. Кең шоурумға 900 м² аумақ берілген, қосалқы бөлшектер қоймасы — 400 м², 1500 м² мен 800 м² аумақтарда слесарь мен шанақ цехтері орналасқан. Сервистік аймақта 23 бекет слесарлық жөндеу орналасқан, экспресс-сервистің 2 бекеті бар. Экспресс-қызмет бекітілген күту уақытын айтарлықтай азайтады — шамамен екі есе. Жаңа автосалонда Қазақстан нарығына ресми жеткізілетін барлық Toyota моделі ұсынылған.
Оның ішінде Corolla және Camry седандары, RAV4 және Highlander кроссоверлері, Land Cruiser 200 және Land Cruiser Prado жол талғамайтын көліктері, Hilux пикапы бар. Салонда сатып алынған барлық автокөлікке 3 жылға немесе 100 шақырым жүріске кепілдік беріледі (қайсы бұрын аяқталуына байланысты).
Орталық Солтүстік жағалауда, «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі маңында қолайлы жерде орналасқан. Ол Алматыда, Қостанайда және Ақтауда дилер орталықтарын салған Autodom компаниясы тобына кіреді. Астана Тойота Сити атауы оңтүстік астанадағы — Орталық Азиядағы ең ірі ресми дилер орталығы Тойота Ситимен байланыстырылған. Енді Астана тұрғындары Toyota ресми дилерлер желісіндегі дәстүрлі қызметтің толық ауқымын ала алатын мүмкіндікке ие болды.
Елорда тұрғындары мен қонақтары Астана Тойота Ситиде автокөлікті сату мен сатып алуға, несиелеуге, лизинг, сақтандыру, кепілдікпен немесе кепілдік уақыты өткеннен кейінгі қызмет көрсетуге байланысты барлық қызметті ала алады. Орталық Toyota жаңа стандарт жүйесіне сай жобаланған, ең заманауи технологиямен жабдықталған. Маманданған қызметкерлер қонақтарын күтеді.