1. Finance and insurance
  2. Finance and credit
  3. Credit programs
  4. Info
  5. Transport
Байланысу

КӨЛІК ҚҰРАЛЫН (КК) КЕПІЛДІКТЕН ҚАЛАЙ ШЫҒАРУҒА БОЛАДЫ?

 

1) Автокөлік сатып алған дилер орталығынан Кепілдікті тоқтату туралы хат (Хат) дайын болған-болмағанын нақтылаңыз.

2) Хатты алыңыз. Ол КК иесінен берілген сенімхат болғанда үшінші тұлғаларға берілуі мүмкін — сенімхатты нотариус куәландыруы міндетті емес (сенімхат үлгісін жүктеу). Хат жеке куәліктің түпнұсқасы болғанда ғана беріледі.

3) Кепілдік қойылған орны бойынша Жол полициясы басқармасына (ЖПБ) жүгініңіз.

3.1) Құжаттарды тапсырғанға дейін 1 АЕК көлемінде мемлекеттік бажын төлеу қажет (2021 жылы 1 АЕК = 2 917₸). Төлемді ЖПБ-да орналасқан банктер мен Қазпошта кассаларында немесе онлайн жасауға болады. Төлеу кезінде 105429 төлем мақсатының кодын — жергілікті бюджетке есептелетін тіркеу алымын көрсету қажет.

3.2) Қажет құжаттар:

• Хат;
• КК техпаспорты;
• Жеке куәлік;
• Мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек.

3.3) Осы аталған құжаттарды ЖПБ жауапты қызметкеріне өткізіңіз. Маңызды — КК иесі ғана кепілдіктен шығара алады.

4) Кепілдіктен шығару 2 жұмыс күні бойында автоматты түрде жүзеге асады.