Toyota Tested: тексерілген автокөліктер, тиімді шарттар

Мінілген сенімді автокөлік сатып алғыңыз келсе, Toyota Tested қолайлы бағдарламасын қолданыңыз — ол брендтің Қазақстан мен Қырғызстандағы барлық ресми дилерінде бар.

Өз жұмысының нәтижесіне әрқашан жауап беретін Toyota компаниясының өндіруші ретіндегі абыройы асқақ. Ұзаққа жарамды, сенімді және сапалы — марканың ДНҚ-сы десек артық айтқандық емес. Бұл қасиеттер мінілген автокөліктерге де қатысты — олар иесіне ұзақ қызмет көрсетуі тиіс.

Клиенттерге келер пайда туралы

Бұл қызметте адам автокөлікті қайталама нарықтан іздегендегі барлық кемшілік жойылған. Клиент қаражатын, уақытын және күшін үнемдейді — маңызды жүйелердің ақауы бар-жоғын тексерудің, техника тілін білетін дос іздеудің немесе техникалық жөндеу орталығында тексертудің керегі жоқ. Бұл процеске Toyota жауапты.

Toyota Tested бағдарламасының басты үш кезеңі:

1) Интерьер мен экстерьерді бағалау, барлық жүйені кешенді тексеру;
2) Салонды толықтай тазалау, шанақты өңдеп, жылтырату, шиналарды қарайту;
3) Май, фильтр және өзге де шығын болар бөлшегін ауыстыру (қажет болғанда).

Мамандар тексеру барысында барлық аспект ескеріледі, оның негізгісі — қауіпсіздік. ДО қызметкерлері сатып алу алдында егжей-тегжейлі кеңес береді — модельді таңдап, пайдалануға толық жарамды автокөлікті тізгіндеу ғана қалады.

Ашық және ыңғайлы

Дилер бағаны нарықтағы құн мен автокөлік жағдайына байланыстырып қояды, заң тұрғысында келісім қауіпсіз әрі ашық жасалады. Ал сатып алуға қажет сома толық болмаса, клиент мінілген модельдерге арналған төмендетілген пайыз мөлшерлемесі бар несие ұсынысын қолдана алады. Жолдағы күтпеген жағдайлардан қорғану үшін дилер орталығында өнімді бірден сақтандырып алуға болатынын еске саламыз.

Қорытындылайық. Toyota Tested клиенттерге мінілген көлікті сатуға да, сатып алуға да мүмкіндік береді. Өз автомобиліңізді сатылымға қойғыңыз келсе, ол Toyota процедураларына сай бағалаудан өтеді. Бренд дилер орталығында өзге де марка модельдерін сатуға немесе сатып алуға болады.

Осы пайдалы бағдарлама туралы толығырақ білгіңіз келсе, өзіңіз тұратын өңірдегі ресми дилерге жүгіне аласыз. Toyota Tested — сенімді автокөліктер, тиімді шарттар, таңдауыңа сенімді болу.

Тағы қараңыз

Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus компаниясы Қазақстан мен Қырғызстанның Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Орал және Бішкек сынды қалаларында дилерлік негізінде авторланған сервистік орталықтарды ашу арқылы жоғары сапалы сервистік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етті. Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota ресми дилерлерінің сайттарында клиенттерге үйден шықпай-ақ қалаулы автомобильді сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа функция іске қосылды. Тойота Қызылордада бірінші сервис орталығын ашты. Тойота Қызылордада бірінші сервис орталығын ашты. Клиент бірінші орында" қағидатын басшылыққа ала отырып, "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы Қызылорда қаласында өкілдіктің жаңа форматын іске қосты, ол клиенттерге шағын қалаларда шынайы қызмет көрсетуді жақындатуға бағытталған. Жаңа Toyota Corolla-ға Қазақстанда алдын ала тапсырыс беруге болады. Жаңа Toyota Corolla-ға Қазақстанда алдын ала тапсырыс беруге болады. Өз класындағы үстемдік: қарқынды стиль, ең жоғарғы бедел және қозғалыс жайлылығының жаңа деңгейі.
2018 жылы Toyota және Lexus автокөліктерінің рекордтық мөлшері сатылды 2018 жылы Toyota және Lexus автокөліктерінің рекордтық мөлшері сатылды Өткен жыл ел аумағында сатылымы күткеннен де жоғары нәтиже көрсеткен Toyota және Lexus маркаларының Қазақстандағы шүбәсіз танымалдығын кезекті рет растады. Көрсеткіштерге сай, брендтер Қырғызстан нарығын да дәл сондай қарқынмен жаулап келеді. Toyota балалар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша кампанияны іске қосты Toyota балалар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша кампанияны іске қосты "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы кішкентай жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне мән беріп, төменгі сынып оқушыларына жол қозғалысының қауіпсіздігін оқыту бойынша Toyota-ның Kids' Road Safety ("Балалардың жолдағы қауіпсіздігі") әлеуметтік жобасын бастады. Үздік тоғыз қатысушы: Toyota «Армандағы автокөлік» байқауының жеңімпаздары таңдалды Үздік тоғыз қатысушы: Toyota «Армандағы автокөлік» байқауының жеңімпаздары таңдалды Қазақстан және Қырғызстан балалары қатысқан балалар суреті шығармашылық байқауы аяқталды. Жас өнерпаздар болашақ автокөліктері туралы өз ойларымен бөлісті, ал байқаудың ұйымдастырушысы — «Тойота Мотор Қазақстан» жұмыстарды бағалау үшін сарапшылар ретінде қазақстандық суретшілерді шақырды. Toyota Retrofit Toyota Retrofit 2020 жылы Toyota компаниясының ресми дилерлері Corolla және RAV4 модельдерінің мультимедиалық жүйелерінің бағдарламалық жасақтамасын ең жаңа нұсқасына жаңарту науқанын бастады.