Дәстүр жалғасы: кәсіби шеберлік байқауы 2018

Toyota мен Lexus дилер орталықтары қызметкерлері арасындағы жыл сайынғы жарыс — «Тойота Мотор Қазақстан» жаһандық стратегиясының бөлігі. Компания жоспарлы түрде сервистік қызмет көрсетуді жақсартуға, мамандардың білігін шыңдауға, оларды өз жұмысында ең үздік нәтижелерге жетуге шабыттандыруға ниетті. Осымен екінші байқаудың финалы 20 қыркүйекте өтті.

Бастаманың алғашқы қадамы сәтті болып, дәстүрге айналып жатыр: 2018 жылы қатысуға өтініш білдірген дилерлер саны айтарлықтай өсті — қатаң іріктеу кезеңін өткізуге тура келді. Нәтижесінде байқау финалына Қазақстан мен Қырғызстанның ең мықты деген кәсіби мамандары өтті — олар чемпиондық титул үшін бақ сынауға жиналды.

Былтыр үздіктің үздігі атағына ақауды жедел анықтап, жөндей алатын автомеханиктер ғана қатысса, бұл жолы санат тізімі толықты. Механиктерге сервистік кеңесшілер мен сатушы-кеңесшілер қосылды. Әріптестер компанияның алматылық оқу орталығына келіп, қазылар алқасына өз кәсіби білігін көрсетті.

Байқаудың ашылуына Toyota Motor Europe сервистік қызмет көрсету департаменті директоры Сюити Хирата мен «Тойота Мотор Қазақстан» президенті Кит Мэтью Симмонс қатысты. Toyota қазақстандық бөлімшесінің басшысы былай деп пікір білдірді: «Бұл байқау компания мәдениетінің бөлігі ғана болған жоқ, сонымен қатар, күрделі емтиханға айналды — бұл сервис деңгейімізді тексеру болды. Клиенттердің көңілі толатын көрсеткішке айналды. Басты назарда шеберлік пен кәсібилік, мінсіздікке ұмтылыс пен бойыңда өз кәсібіңе деген мақтанышты тәрбиелеу...»

Ұйымдастырушылар қатысушыларға 18 тапсырма дайындады. Автомеханиктер марканың Қазақстандағы ең танымал Camry моделін жөндеп, өз шеберлігін байқатты. Сервистік кеңесшілер автокөлікті сервиске қабылдаудың өмірдегі мысалға барынша жақын 6 сценариінде сыналды. Сатушы-кеңесшілер сатып алушылармен дұрыс қарым-қатынас жасау дағдысы мен жаңа модельді таныстыра білуден жарысты. Барлық тапсырмада қатаң уақыт шектеуі болды — тапсырмалар спорттық жарыс атмосферасында орындалды, себебі әрбір қатысушы жауапкершілік деңгейін түсінді. Өз дилер орталығыңның атынан шыққанда үздік болғың келеді.

«Тойота Мотор Қазақстан» қазылар алқасы қатысушылардың еңбегін мұқият қарады. Toyota мамандары жұмысында назар аударар тұс өте көп: жөндеу процесінде техникалық стандарттарды сақтау, қызмет көрсету стандарттарын дұрыс қолдану, клиенттермен қарым-қатынастағы ерекшеліктер мен басқа да жағдайлар. Тоғыз жеңімпаз анықталды — олар медальмен және құнды жүлделермен марапатталды, ал жүлдегер атанған қатысушылардың дилер орталықтары үш санат бойынша өтпелі кубокқа ие болды.

Автомеханиктер:

• Бірінші орын — Виктор Рогачёв — Астана Тойота Орталығы;
• Екінші орын — Геннадий Капустин — Жетісу Тойота Орталығы;
• Үшінші орын — Владимир Котов — Лексус Алматы.

Сервисные консультанты:

• Бірінші орын — Илия Коновалов — Алматы Тойота Орталығы;
• Екінші орын — Евгений Держевицкий — Лексус Алматы;
• Үшінші орын — Павел Зарщиков — Атырау Тойота Орталығы.

Продавцы-консультанты:

• Бірінші орын — Санжар Қонысбай — Алматы Тойота Сити;
• Екінші орын — Евгений Бубликов — Бішкек Тойота Орталығы;
• Үшінші орын — Александр Бугаенко — Алматы Тойота Орталығы.

Қатысушылар жарыста паш еткен шеберлік деңгейі сервисті үздіксіз жақсартуға назар аударған Toyota мен Lexus дилер орталықтарының күнделікті жұмысын байқатып отыр. Қызметкерлер компания ұстанымдарын мүлтіксіз орындауға тырысады, өз міндеттерін асқан ыждаһатпен орындайды. Осылайша сапа деңгейі жыл сайын өсіп отырады.

Тағы қараңыз

Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus компаниясы Қазақстан мен Қырғызстанның Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Орал және Бішкек сынды қалаларында дилерлік негізінде авторланған сервистік орталықтарды ашу арқылы жоғары сапалы сервистік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етті. Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota ресми дилерлерінің сайттарында клиенттерге үйден шықпай-ақ қалаулы автомобильді сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа функция іске қосылды. Тойота Қызылордада бірінші сервис орталығын ашты. Тойота Қызылордада бірінші сервис орталығын ашты. Клиент бірінші орында" қағидатын басшылыққа ала отырып, "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы Қызылорда қаласында өкілдіктің жаңа форматын іске қосты, ол клиенттерге шағын қалаларда шынайы қызмет көрсетуді жақындатуға бағытталған. Жаңа Toyota Corolla-ға Қазақстанда алдын ала тапсырыс беруге болады. Жаңа Toyota Corolla-ға Қазақстанда алдын ала тапсырыс беруге болады. Өз класындағы үстемдік: қарқынды стиль, ең жоғарғы бедел және қозғалыс жайлылығының жаңа деңгейі.
2018 жылы Toyota және Lexus автокөліктерінің рекордтық мөлшері сатылды 2018 жылы Toyota және Lexus автокөліктерінің рекордтық мөлшері сатылды Өткен жыл ел аумағында сатылымы күткеннен де жоғары нәтиже көрсеткен Toyota және Lexus маркаларының Қазақстандағы шүбәсіз танымалдығын кезекті рет растады. Көрсеткіштерге сай, брендтер Қырғызстан нарығын да дәл сондай қарқынмен жаулап келеді. Toyota балалар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша кампанияны іске қосты Toyota балалар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша кампанияны іске қосты "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы кішкентай жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне мән беріп, төменгі сынып оқушыларына жол қозғалысының қауіпсіздігін оқыту бойынша Toyota-ның Kids' Road Safety ("Балалардың жолдағы қауіпсіздігі") әлеуметтік жобасын бастады. «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС тендер жариалайды «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС тендер жариалайды «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС Тойота және Лексус жаңа автокөліктерін Қазақстан Республикасы және Қырғыз Республикасы аумағында жеткізетін тасымалдаушыларды таңдау бойынша тендер өткізетінін хабарлайды. Жаңа мәрелер: Таразда Toyota компаниясының алғашқы сервистік орталығы ашылды Жаңа мәрелер: Таразда Toyota компаниясының алғашқы сервистік орталығы ашылды 2021 жылғы 1 шілдеде Тараз қаласында брендтің барлық стандарттарына сәйкес келетін Toyota компаниясының алғашқы сервистік орталығы есігін ашты.